Петропавлда су астында қалған үйлердің тек төрттен бірі жөндеуге жарамды

Паводки Су тасқыны Атбасар
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда тасқыннан кейін бұзылып, апатты деп танылған үйлер сүріліп жатыр.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында тұруға жарамсыз 1600-ге жуық үй бұзылады. Ал қалғандары күрделі жөнделіп, қалпына келтіріледі. 500-ден астам үйдің 127-сін қазіргі уақытта тұрғындар өздері жөнге келтіріп жатыр.

Ал, апатты деп танылған үйлерді бұзып, қоқысты шығаруға механикалық бригадалар тартылған. Бірінші кезекте баспана алған азаматтардың үйлері сүріліп жатыр. Олардың орнына ағаш отырғызылады. Ал су басқан аймақта жаңадан құрылыс салуға тыйым салынады.

«Қазіргі уақытта әкімдікке тұрғындардан пәтер алуға мыңға жуық өтініш түсті. Ал «Бірлік» шағын ауданынан үй алуға 420 өтініш бар. Аптаның соңына дейін тағы да 47 баспана осы ауданнан тұрғындарға беріледі», - дейді Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Бұған дейін Петропавлдан Шымкентке аптасына екі рет тұрақты әуе рейсі ашылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар