Петропавлда су тасқынының екінші кезеңі өтіп жатыр

Паводки Петропавловск
Фото: Олеся Жуковень/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова айтып берді.

«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп келе жатыр, бүгінгі көрсеткіш 3 метр 37 см құрады. Тәулік ішінде 19 см төмендеу байқалады. Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандарында су тасқынының екінші толқыны өтіп, қазір ол Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына өтіп жатыр. Соңғы тәулікте Қызылжар ауданының Новоникольское селосында су деңгейі 6 см көтерілді», - деді Ж. Қожахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде. 

Қазгидромет мамандарының болжауы бойынша екінші толқын бірінші толқындай көп су әкелмейді және үйлерді су енді баспайды.

«Бүгінгі күнде 764 адам үйіне қайтты. Мыңға жуық адам эвакопункттерде, қалғаны туыстарына орналасты. Жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, Ұлттық ұлан, жеке ұймыдардың жұмылуымен аудандарда және облыста 754 мыңнан астам су сорылды, бөгеттер нығайтылды. Қауіп толық сейілген жоқ», - деді спикер.

Соңғы жаңалықтар