Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа 51 үй пайдалануға берілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданында бой көтерген жаңа 51 үй тасқыннан зардап шеккен отбасыларға берілді.

Жаңа үй
Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін пайдалануға берілген үйлер «Қазақмыс» корпорациясының қаржысына салынды. Корпорация барлығы 100 үйдің құрылысын қаржыландырды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев петропавлдықтар - Бауыржан Амиров, Александр Михайленко және Сергей Тараденковтың шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады. 

«Бүгінгі таңда «Бірлік» шағын ауданында 151 отбасы жаңа үйге қоныстанды. 549 үй әлі салынып жатыр. Олар құрылыс кестесіне сай аяқталады. Жұмыс сапасына құрылыс компаниясы мен техникалық бақылау тікелей жауапты. Құрылысшылар жаңа үйлерге екі жыл кепілдік береді. Ақаулар анықталса, өз есебінен оны жояды», - деді Ғауез Нұрмұхамбетов

Бұдан бөлек тасқыннан зардап шеккендерге баспана сатып алу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 605 отбасы пәтер кілтіне ие болды.

Бұған дейін Петропавлда қатты жаібыр жауып, салдарынан тұрғын үйлерге су кіргенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар