14:51, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Петропавлда ұшқыш-ғарышкер В.Шаталов атындағы турнир аяқталды
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Өткен демалыс күндері Петропавлда ұшқыш-ғарышкер, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Владимир Шаталовтың жүлдесіне спорттық акробатика мен акробатикалық секіруден халықаралық турнир аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осымен 30 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі жарысқа бұл жолы 70 шақты атлет қатысты. Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша акробатикалық секіруден өз жас топтарында петропавлдық - Владимир Аксенов, Александр Зотов және Александр Дорошенколар, ал қыздар арасында омбылық Ирина Пономарева мен петропавлдық Алена Щелкунчиковалар үздік атанды. Акробатика жарысында тараздық қыздар жұбы - Юлия Просветова мен Ирина Пак және жігіттер жұбы - омбылық Артем Казаев пен Роман Сониндер жеңімпаз атанса, ал қыздар тобында омбылық үштік - Марина Валентинова, Анастасия Толстокумова, Наталья Козловалар үздік деп танылды. Аралас жұптар арасында алаң иелері - Әлия Нұрахметова мен Дмитрий Зотовтар үздік шықты.