Петропавлда волейболдан ерлер командасы арасында ҚР XVII чемпионатының үшінші туры өтуде

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлда ерлер командалары-Ұлттық лига шеберлерінің арасында ҚР XVII чемпионатының үшінші туры басталды, оған республиканың бес аймағынан құрамалар қатысуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейінгі екі турда алғашқы орынға Алматы волейболшылары, екінші орынға ? Атырау, үшінші орынға ? Теміртау құрамасы шықты, одан кейін Орал мен Петропавл командалары келеді. Алғашқы матч «Қазхром» (Теміртау) және «Конденсат» (Орал) командалары арасында өтіп, кездесу 3:1 есебімен аяқталды. «Атырау» және «Есіл» (Петропавл) волейболшылары арасындағы екінші матч 0:3 есебімен атыраулықтардың жеңісімен аяқталды. Чемпионаттың үшінші туры қаңтардың 17-сіне дейін созылады. Төртінші тур ақпанда Атырауда, наурызда ? Орал қаласында өтеді.
Соңғы жаңалықтар