07:30, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Петропавлда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің екінші турында Оралдың «Конденсаты» сәтті өнер көрсетуде
ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Петропавлда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің екінші турында Оралдың «Конденсаты» сәтті өнер көрсетуде.

Алғашқы күні Хромтаудың «ТНК Казхром» командасынан ұтылғанымен, одан кейінгі матчтарда Игорь Никольченко жаттықтыратын оралдықтар ширақ қимылдап, жақсы ойын өрнегін көрсете білді. «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командасын 3:1 есебімен ұтқан «Конденсат» тартысты ойында алаң иелері «Есілді» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Екінші тур 20 қаңтарда мәреге жетеді. Бірінші турда «Конденсат» тек «Атырау» командасын ғана жеңген болатын.