Петропавлда «Жас Отан» жастар қанатының басшылығымен жаңа фитнес-клубы ашылды

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен Петропавлда жаңа фитнес-клубы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Арман Бердіғұловтың айтуынша, бұл жастар қанатының бастамасы бойынша ашылған республикадағы тұңғыш жастар фитнес-клубы. Мұнда фитнеспен, бимен және йог жаттығуларымен айналысуға болады. Клубты құрудағы мақсат ? жастарды басым бағыттардың бірі болып табылатын салауатты өмір салтына тарту.Фитнес-клубта 40 адамдық екі арнайы жабдықталған зал, қажетті спорттық тренажерлер, душ кабинасы бар. Келушілермен үш нұсқаушы айналысатын болады.
Соңғы жаңалықтар