02:48, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Петропавлда жасотандықтар ҰОС ардагерлерінің естеліктерін жазып алуда
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Жас Отан» ЖҚ белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ҰОС ардагерлерін қошеметке бөледі.

«Жастар Валентина Устименко және Августина Курилконың үйіне барды. Кездесу барысында «жасотандықтар» ардагерлер тарихының жазбаларымен танысты, суреттерін, хаттарын көрді. Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады», - деді «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы Азамат Шаймерденов.
Жастардың сөзіне қарағанда, мұндай кездесулер ұрпақтың аға буынның ерлігі туралы көбірек білуіне және олардың батырлығы туралы мәліметтердің жоғалмауына септеседі.
«ҰОС-дағы жерлестеріміздің ерлігі туралы, өкінішке қарай, көп біле бермейміз. Көзі тірі батырлармен кездесіп, олардың өмірі туралы өздерінен естіген, соғыс жылдары түскен суреттерін тамашалаған қызықты», - деді А.Шаймерденов.