Петропавлда жеке тұрғын үйде өрт шығып, зейнеткер адам қаза болды
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында жеке тұрғын үйде өрт шығып, зейнеткер адам қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 2 қаңтар күні Петропавл қаласында жеке тұрғын үйде өрт болды. Өртті сөндіру кезінде 1938 жылғы зейнеткердің мәйіті табылды.
Өрттің аумағы 72 шаршы метрді құрады. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің Солтүстік Қазақстан облысындағы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 9 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.