Петропавлда жекеменшік тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы Хорват көшесі, 46 үйді өрт жалыны шарпыған.
None
None

Атап айтқанда, кеше сағат кешкі 20-лар шамасында жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққан. 72 шаршы метр аумақты шарпыған жалын түнгі сағат 21.50-де ауыздықталды. Оқиға салдарынан денесін түрлі дәрежеде күйік шалған 1986 жылы туған А.Гринько ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіру жұмыстарына Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар