Петропавлда жүк көлігі көпірді зақымдап, қозғалыс уақытша тоқтатылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүргізуші көлігіне тиелген жүктің биіктігін ескермей, салдарынан көпір конструкциясының бір бөлігін жұлып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 15.00 шамасында болды. «Mercedes» жүк көлігінің 1985 жылы туған жүргізушісі тіркемесіндегі метал құрылыммен Есіл өзенінен өтетін көпірдің көлденең арқалығын жұлып кеткен.

Полиция қызметкерлері бірден жолды жауып, апат орнына «Қазавтожол ҰК» және «Қазавтодор» АҚ СҚОФ басшылығы және көлік бақылау инспекциясының өкілдері жетті.

«Көлік жүргізушісіне «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы» бабы бойынша және жүкті тасымалдаушы «Трал15» жеке кәсіпкерлігіне «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу» бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді баспасөз қызметі мамандары.

Қазіргі уақытта көпірдің зақымданған бөлігі зерттеліп жатыр. Жол қозғалысы жақын арада қалпына келеді.



Соңғы жаңалықтар