Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Петропавлда журналистер қаладағы энергетика кәсіпорындарын қайта жаңғырту мәселелерімен танысты

ПЕТРОПАВЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл қаласында энергетика кәсіпорындарының жетекшілері БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Петропавлда журналистер қаладағы энергетика кәсіпорындарын қайта жаңғырту мәселелерімен танысты

Жиын барысында облыс орталығының осы салдағы екі ірі кәсіпорны, атап айтқанда «Петропавл ЖЭО-2» ЖШС мен «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ның жұмыстарын қайта жаңғырту мәселесі сөз болды.

Қазіргі таңда қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін 9 және 12 қазандық пайдаланылады. Ұзақ мерзімді қайта жаңғырту бағдарламасы аясында тағы да үш қазандықты қайта жаңғырту көзделіп отыр.

Кездесуге қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.