Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Петропавлдағы 2-ЖЭО қысқа дайын ба

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы жылу электр орталығында қазіргі уақытта үш ірі жоба жүзеге асып жатыр.

а
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта станцияның жылу-энергетикалық кешенінің негізгі элементтерінің бірі - №2 қазандық агрегатын қайта құру жұмыстары жүргізіліп, №6 қондырғының негізгі бойлерін ауыстыру және жаңа сорғы станциясының құрылысын қамтитын жылу қуатын беру сұлбасын қайта құру жобасы іске асыру қолға алынған.

Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаровтың айтуынша, бұл жұмыстар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

- Атқарылып жатқан жұмыстар - жай ғана жоспарланған жөндеу емес, өңірімізді алдағы ондаған жыл бойы сенімді энергиямен қамтамасыз етуге арналған стратегиялық инвестиция. Жаңартылған жабдық станцияның тиімділігін арттырып қана қоймай, экологиялық көрсеткіштерін де жақсартады, - дейді Дмитрий Захаров.

Энергетиктер алдағы жылыту маусымына дайындықты да қарқынды жүргізіп жатыр. Бірінші жартыжылдықта №4 қазандық агрегаты мен №2 және №3 турбиналық агрегаттарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар №2 түтін мұржасы тексеріліп, отын-көлік цехының жабдықтары жөнделді.

Бұдан бөлек, қазандықтар, турбиналар, ыдыстар мен құбырларға техникалық куәландыру жүргізіліп, олардың пайдалану мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар атқарылды. Негізгі және қосалқы жабдықтар регламенттік жөндеуден өтіп, қажетті жөндеу материалдары алдын ала сатып алынды.

Мамандардың айтуынша, барлық жоспарланған жұмыс белгіленген кестеге сай орындалып жатыр. Бұл алдағы қысқы кезеңде Петропавл 2-ЖЭО-ның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.

Жалпы, алғашқы жарты жылда өңір тұрғындары мен кәсіпорындарын тұрақты жылумен қамтамасыз етіп, 1 млн 94 мың гигакалория жылу энергиясын өндіріп, тұтынушыларға жеткізді.

Кәсіпорын мәліметінше, 2-ЖЭО энергетиктері тұтынушыларға 1 млн 94 мың гигакалория жылу энергиясын өндіріп, жеткізді. Оның негізгі бөлігі - 1 млн 84,9 мың Гкал - тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалды. Ал 9,1 мың гигакалория өнеркәсіптік кәсіпорындарға бу түрінде берілген.

Бұған дейін Қазақстандағы бес жылу нысаны ерекше бақылауға алынғанын жазған едік.