Петропавлды абаттандыру үш айлығына 1300 ұжым қатысты
ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл әкімдігінде облыс орталығын санитарлық тазарту мен абаттандырудың үш айлық қорытындысы шығарылды.
Үш айлық барысында қаланы абаттандыруға 1 300 ұжым - барлығы 68 мыңнан астам қала тұрғындары қатысты. Ортақ күш қосу арқылы 160 заңсыз қоқыс орны жойылды, 17 ескерткіш пен сквер, қала саябақтары қоршалды. Бүгінде жергілікті тұрғындардың демалатын сүйікті орнына айналған Жеңіс саябағын ретке келтіруде біраз жұмыстар атқарылды.
Қаланы көгалдандыруда да елеулі жұмыстар жасалды, мыңнан астам ағаш отырғызылды, 13 мың шаршы метр аумаққа гүлзарлар және көгалдар жасалды. Қала көшелерінің көптеген жолдарына қиыршық құм төгіліп, тегістелді. Петропавлда жұмалық тазалық күндерін өткізу дәстүрге айналды. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен еңбек ұжымдары, қала тұрғындары белсене қатысуда.