Петропавлдық мектеп оқушысы ерекше халықаралық конкурс жеңімпаздарының бірі атанды

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдық мектеп оқушысы Роман Кузнецов «Союз ТМА-14» ғарыштық кемесін басқаратын экипаж үшін эмблема жасау» халықаралық балалар суреттері конкурсы жеңімпаздарының бірі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ресейдің қайырымдылық ұйымдары одағы мен Ресей федералдық ғарыш агентігінің қамқоршылығымен былтыр қазанның 25-і мен желтоқсанның 25-іне дейінгі аралықта өткізілген бұл байқауда ол төртінші жүлделі орынға ие болды. Конкурсқа Ресей, АҚШ, Қазақстан, Англия, Беларус, Үндістан, Мексика, Филиппин және басқа елдерден балалар 200-ге тарта сурет жіберді. Конкурс шартына орай оның барлық жеңімпаздары 2009 жылғы наурызда Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағында болып, «Союз ТМА-14» ғарыштық кемесінің ұшырылуын тамашалайды.
Соңғы жаңалықтар