Петропавлдық спортшы Шығыс Еуропаның ашық чемпионатынан олжалы оралды

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдық спортшы, халықаралық санаттағы спорт шебері Руслан Коротков пауэрлифтинг бойынша Шығыс Еуропаның ашық чемпионатында табысты өнер көрсетіп, өз салмақ санатында чемпион атанды.
None
None

Байрақты бәсекеге ТМД-ның жеті елінен 500-ден астам спортшысы қатысты. Екі түрлі әдіс бойынша өткен жарыстарда 29 жастағы петропавлдық спортшы 67,5 келіге дейінгі салмақ санатында алтын медаль иеленді.

Пауэрлифтингтен аға жаттықтырушы Юрий Дурниковтың айтуынша, 2007 жылы Руслан Еуразия чемпионатында абсолюттік чемпион атағын жеңіп алса, 2009 жылы Дондағы Ростовта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Дәл қазір спортшы ағымдағы жылдың тамыз айында Тольяттиде өтетін Еуразия чемпионатына және қазан айында АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар