19:26, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Петрухин және оны командасы өз миссиясын жалғастыруда
АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазақстандық байкер Дмитрий Петрухин және оның командасы қазір Сингапурда жүр. Екі айлық үзілістен кейін танымал теңіз саяхатшысы 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін қысқа Азия ойындарын насихаттауға арналған өзінің екінші жер шарын айналып шығу сапарын жалғастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Д.Петрухиннің айтуынша, соңғы екі ай босқа кеткен жоқ, жер шарын айналып шығуға даярлықпен қатар ол қоғамдық жұмыстармен белсене айналысты: балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен, зейнеткерлермен және Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, сондай-ақ лауазымды адамдармен, атап айтқанда Алматы әкімі Ахметжан Есімовпен, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Тимур Досымбетовпен кездесті. «Қаңтардың басында мені ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов қабылдады. Мен оған Азиаданы насихаттай жүріп, өзім болған 20 елдің спорт министрлерімен және Ұлттық олимпиадалық комитеттері президенттерімен кездесулерімнің нәтижесін баяндадым. Олардың бәрі де Азия олимпиадалық кеңесінің жалауы көшірмесіне қолтаңбаларын қалдырып, 2011 жылғы Азиада ойындарына қатысатындықтарын қуаттады. Тұтастай алғанда, біздің министр жүргізген жұмыстарымызға риза болды және экспедициямызға бұдан былай да жәрдемдесуге өкім етті», - деді Д.Петрухин.Сингапурдан кейін байкер Индонезия, Филиппин, Тимор, Бруней, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Гонконг, Маккау, қос Корея, Жапония, Моңғолия және басқа елдер арқылы сапарын жалғастырады.