Pfizer вакцинасы мектептерде сақталмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева брифинг барысында балаларды вакциналаудың схемасы қалай жоспарланғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Pfizer вакцинасы мектептерде сақталмайды

Спикердің сөзінше, вакцинаның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Мектептерге препарат берілмейді, ол арнайы орында сақталады.

«Мекептерге вакцинаны сұраныс санына сай көшпелі бригадалар арқылы жеткізу жоспарланып отыр. 20 емханасы іріктеліп алынды. Ол жерден уақытша вакцина пункттерінен санитарлық нормаларды сақтай отырып, көшпелі бригадалар жақын маңдағы мектептерге жібереді. Жол бойында суық тізбекте сақталады», - дейді Светлана Сұлтанғазиева.
Айта кетейк, Алматыға 46 800 доза бөлінді. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.


Бала кек құрбаны болды: Павлодар облысында ер адам туған қызын өлтірді деген күдікке ілінді
Ұқсас жаңалықтар

Бала кек құрбанына айналды: Павлодар облысында ер адам туған қызын өлтірді деген күдікке ілінді