Пхеньян Оңтүстік Корея мен АҚШ-ты «жарып жіберуге» уәде берді
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Солтүстік Кореяның бас қолбасшысы Оңтүстік Корея мен АҚШ елдерін «жарып жіберуге» әзір екенін мәлім етті. Бұл мәлімдеме, одақтас елдер жыл сайынғы әскери жаттығуын бастағаннан бірнеше сағаттан кейін жасалды.
Пхеньян бұл жаттығуды «Солтүстік Кореяға жасалмақ шабуылдың дайындығы» деп атап отыр. ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Пхеньянның мұндай қоқан-лоқысын коммунистік режимнің үйреншікті әңгімесі деп құлақ аспайтын Корея Республикасы мен АҚШ 11 күндік жаттығуын бастап кетті.
Одақтастар, төтенше оқиға орын ала қалған жағдайда Корея түбегіне АҚШ әскерін жайғастырудың бірлескен жаттығуларын жүргізеді.