Пикассоның суреті 106 миллион долларға сатылды
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның «Жасыл желекке оранған әйел» деп аталатын туындысы Christie's аукционында 106,482 миллион долларға сатылды. Осылайша, өнер туындысының құны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатылды.
50 жыл уақыт бойы саудаға шығарылмаған бұл туындыны сарапшылар 70-80 миллион долларға бағалап отырған болатын. Суретшінің нақсүйері Мари-Мерез Вальтердің бұл портреті Пикассоның ең айтулы туындыларының бірі саналады.
Бұған дейінгі ең қымбат өнер туындысы - Альберто Джакометтидің «Жүріп келе жатқан адам» атты қола мүсіні болатын. Мүсін 2010 жылдың ақпан айында Лондондағы Sotheby's аукционында $104,3 миллионға сатылды.