Пикассоның жұмыстарынан эротикалық бейнелер табылды

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Барселонадағы Пикассоның мұражайында «Көзден таса бейнелер» (Imagenes Secretas, Secret Images) деп аталатын көрме ашылды,

Пикассоның жұмыстарынан эротикалық бейнелер табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Оның экспонаттары 19 жапондық эротикалық гравюралар болды. Мамандар оларды Пабло Пикассоның жұмыстарына әсері болған деп санайды.

XVII-XIX ғасырлардағы гравюралар суретшінің жеке коллекциясында болған; олармен қатар жапондықтардың ықпалының іздері табылған Пикассоның 27 суреті мен гравюралары қойылған. Атап айтқанда, олардың ішінде Хокусайдың ықпалымен жазылған «Балықшы әйелінің түсі» деп аталатын гравюрасы бар.

Көрме 2010 жылғы ақпанның 14-іне дейін жалғасады.