02:19, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Пілді қағып, мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың Районг провинциясында үш автомобиль және үш пілдің қатысуымен жол апаты болды.
Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Оқыс оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 06:00-де орын алды. Ішінде төрт адам отырған, аса жоғары жылдамдықтағы "Мицубиси" зулаған күйі жолды кесіп өтіп бара жатқан үш пілдің бірін қаққан. Аударылған көліктегі алдыңғы орында отырған жүргізуші мен жолаушы әйел сол жерде жантәсілім етті. Ал артқы жақтағы екі жолаушы кейінірек ауруханада көз жұмды. Бұлардың соңында келе жатқан, тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісі апатты көрген бойы тежегішті басқан.Ал соңында жоғары жылдамдықпен келе жатқан тағы бір машина жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жүргізуші мерт болды, тіркемедегі үш адам зардап шекті.
Көлікке соғылған пілдің аяғы сынған.