Пилотсыз таксилер: отандық IT-жоба 2026 жылы іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Отандық Jet Sharing компаниясы пилоттық жобаны іске қосу туралы жоспары бар екенін жариялады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Пилотсыз таксилер: отандық IT-жоба 2026 жылы іске қосылады
Фото: Үкімет

Ал 2027 жылы сервисті толыққанды коммерциялық ауқымда пайдалануға беруі мүмкін. Еліміздің көлік саласын цифрландыру шеңберіндегі бұл жаңашылдық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында таныстырылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес елімізде жасанды интеллект технологияларын қарқынды енгізу жалғасып жатыр.

Технология жасанды интеллектіге негізделген, ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндағы негізгі және ең шығынды көп қажет ететін тұс — көліктер навигациясына қажет қаланың жоғары дәлдіктегі 3D картасын жасау болмақ. Тестілеуге арналған бастапқы алаң ретінде Alatau city қарастырылуда, одан кейін Астана мен Алматыға шығу жоспары бар.

— Біз мұндай қызметті ТМД бойынша бірінші болып іске қосамыз деп сенемін. Егер мемлекет қолдау білдірсе, сынақ кезеңін 2026 жылы бастауға, ал 2027 жылы толыққанды сервисті пайдалануға беруге дайынбыз. Жалғыз ғана қиын тұс — Қазақстанда әзірге жоқ 3D-навигацияны құру, — деді Jet Sharing компаниясының негізін қалаушы Мейрамбек Әбілқасов. 

Айта кетелік Олжас Бектенов үздік отандық IT-жобалар мен цифрлық бастамаларға марапат табыс еткен еді

Соңғы жаңалықтар