00:15, 25 Қаңтар 2025 | GMT +5
Пікір қайшылығына қарамастан Қытай мен АҚШ арасында әлеует зор – ҚХР СІМ
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай мен АҚШ арасында өзара тиімді сауда қатынастары қалыптасқан. Бұл туралы жұмы күні ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мао Нин мәлім етті.

- Қытай мен АҚШ пікір қайшылығының бола тұрғанына қарамастан екі ел арасында зор ортақ мүдде мен ынтымақтастық мүмкіндіктері бар және екі жақ та осыны негізге ала отырып, диалог пен өзара кеңесті нығайта алады, - деді дипломат.
Ресми өкіл сондай-ақ Қытай мен АҚШ-тың экономикалық және сауда ынтымақтастығы өзара тиімді екенін, Қытайдың ешқашанда импорттан экспортты арттыруға тырыспағанын жеткізді.
Осыған дейін ҚХР төрағасының орынбасары Қытайдың АҚШ-пен жұмыс істеуге дайын екенін мәлім еткен болатын.