15:11, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Плющенконың жанкүйерлері оған алтын медаль құйып бермек
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың петерборлық жанкүйерлері Ванкувер Олимпиадасында «күмістен» алқа таққан сүйікті спортшыларына алтыннан медаль құйып бермек.
Осынау идеяға ұйытқы болып отырған «Петровский округі» муниципалдық білім кеңесінің төрағасы Дмитрий Ильковскийдің журналистерге хабарлауынша, қазіргі таңда 26 грамм алтын жиналып отыр. Шараны ұйымдастырушылар бұл бастамаға 700-дей адам өз үлестерін қосады деп күтуде.
Спортшының жанкүйерлері награда дизайнын өздері таңдайды. Қазіргі уақытта дизайнның үш нұсқасы дайын. Медальды Саха Республикасының зергерлері жасайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Евгений Плющенко Ванкуверде американдық Эван Лайсачекке есе жіберіп алып, «күміс» жүлдені қанағат тұтқан болатын. Ресейліктер осынау «әділетсіздікті түзетіп», Плющенкоға өз алтын медальдарын табыс етпек.