Плющенконың жаттықтырушысы Алексей Мишинға «халықтық» алтын медалі табыс етілді

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Ванкувер Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлдегері Евгений Плющенконың жаттықтырушысы Алексей Мишин жексенбі күні Петерборда арнайы бастамашы топтың өкілдерінің қолынан «халықтық» алтын медальді алды,
None
None

деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігіне осынау акцияның ұйымдастырушысы, «Петровский округі» муниципалдық білім кеңесінің басшысы Дмитрий Ильковский.

Мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың петерборлық жанкүйерлерінің Ванкувер Олимпиадасында «күмістен» алқа таққан сүйікті спортшыларына алтыннан медаль құйып беру ниетін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Осынау идеяға ұйытқы болған «Петровский округі» муниципалдық білім кеңесінің төрағасы Дмитрий Ильковскийдің журналистерге хабарлауынша, бұл мақсат үшін халықтан алтын жинаған. Спортшының жанкүйерлері награда дизайнын өздері таңдады. Медальды Саха Республикасының зергерлері жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Евгений Плющенко Ванкуверде американдық Эван Лайсачекке есе жіберіп алып, «күміс» жүлдені қанағат тұтқан болатын. Ресейліктер осынау «әділетсіздікті түзетіп», Плющенкоға өз алтын медальдарын құйып, оны табыс ету рәсіміне Плющенконың өзі келе алмағандықтан, оның жаттықтырушысына табыс етті.

Соңғы жаңалықтар