Подстепный ауылындағы «Үміт» гимназиясы - 10 жаста
ОБЛЫСЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Ділдә Бекқожина/ - 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойына орай ашылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясы 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
Осыған орай ұйымдастырылған салтанатқа аудан әкімі Арман Өтеғұлов, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сабыров, аудандық білім беру бөлімінің бастығы Светлана Шүкірова, айтыскер-ақын Жібек Болтанова және гимназия ұстаздары мен гимназияның бұрынғы түлектері қатысты.
Аталмыш шарада биылғы жылы жаңадан жабдықталған гимназия жанындағы интернат салтанатты түрде ашылып, жиын соңы гимназия оқушыларының мерекелік концертіне ұласты.
10 жылдық мерейтойға - 10 «Алтын белгі» сыйлаған гимназия шәкірттері алтын ұяның қуанышын ұстаздарымен бөлісті.