Поезд құрастырушысы жүк вогондарының ортасында қыстырылып, қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Сенбі күні күндіз Тараз қаласындағы Жамбыл стансасында маневр жұмыстарын жүргізу кезінде жүк вагондарының арасына 29 жастағы поезд құрастырушысы қыстырылып қалды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жігіт алған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында қаза тапты.