Польша Президенті Л.Качиньскидің ұшағы апатқа ұшырады, 87 адам қаза болды
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Польша Президенті Л.Качиньски мінген ұшақ Смоленск түбінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды РБК Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Апат салдарынан, алдын-ала мәліметтер бойынша, 87 адам қаза болған.
Төтенше жағдайлар қызметінен хабарлағандай, Польшадан Смоленскіге ұшып келген Ту-154 ұшағы мәскеу уақыты бойынша сағат 10.56-да жерге қонар кезде апатқа ұшыраған. Оқиға орнында қазір құтқару қызметтері жұмыс істеуде, апаттың себебі анықталуда.
Польша өкіметінің өкілдері Reuters агенттігіне, ұшақ бортында Польша Президенті Лех Качиньски мен оның зайыбы болғанын растады. Л.Качиньски 1940 жылы НКВД органы поляк жауынгерлері мен офицерлерін атып тастаған фактімен танымал Катынь елді-мекеніне бара жатқан.