Польша Президенті суық тиіп, ауруханаға түсіп қалды

АСТАНА.  Қарашаның18-і.  ҚазАқпарат -  Польша Президенті Лех  Качинский сейсенбі күні кешке       ауруханаға  түсіп  қалды, 

Польша Президенті     суық тиіп,   ауруханаға түсіп  қалды

деп   хабарлайды «РИА  «Новости» агенттігі     мемлекет басшысының  кеңсесіне сілтеме  жасап.

 Дерек көздің  айтуынша,  Качиньский   медициналық тексеруден өту    үшін госпитальға  барған  және   дәрігерлер  оны ауруханаға  жатқызу  туралы шешім қабылдаған.

Дәрігерлер  Лех Качиньскийдің  тұмау емес екенін, бірақ     қосымша   сынақтар   өткізу  туралы    шешім  қабылдағандарын  айтып  отыр.

 Мемлекет басшысының  кеңсесі,    аптаның соңына  дейін  Польша  президентінің  жұмыс бағдарламасы  тоқтатылғанын    ресми хабарлады.