18:55, 09 Шілде 2017 | GMT +5
Польшада бомбаны қауіпсіз жерге шығару үшін 10 мың адам эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде Польшалық Белосток қаласында екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы салмағы 500 келі жарылмаған бомбаны қауіпсіз жерге шығару үшін 10 мыңдай тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлады ТАСС.

Қаланың ресми сайтында хабарланғандай, адамдарды көшіру үшін таңертең арнайы автобустар келді.
Бомба табылған орыннан радиусы 1,3 шақырым аумақта орналасқан белостоктың 60 көшесінің тұрғыны өз үйлерінен кете тұруы тиіс - барлығы 7,3 мың адам. Жақын кенттерден тағы 2,8 мың адам көшіріледі. Жоспарға сәйкес түске дейін қуіпті аймақ толықтай босатылады.
Неміс авиациялық бомбасы құрылыс жұмысы кезінде табылды. Белосток мэрі Тадеуш Трусколаскийдің айтуынша, «қазір тұрғындар үшін қауіп жоқ», қауіпті зат күзетілуде. Алайда оны тасымалдаған кезде қиындықтар туындауы мүмкін, сондықтан жауапты қызметтер эвакуациялау шешімін қабылдады.