Польшада Ресей империясына қарсы көтеріліс туралы мылқау фильм табылды
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Польша ұлттық киномұрағаты ұзақ уақыттан бері жоғалды деп саналып келген 1913 жылдың бірегей фильмімен толықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
«Рацлавица түбіндегі Костюшко» мылқау картинасында Тадеуш Костюшконың басшылығымен Ресей империясына қарсы көтеріліс көріністерінің бірі туралы әңгіме болады.
Басты рөлдерді сомдағандардан басқа екі мыңға жуық адамтүскен фильм Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы басты польшалық блокбастерлердің бірінен болды.
Ұлт-азаттық көтеріліс 1794 жылғы наурызда басталғанын еске саламыз. Костюшконың қолбасшылығымен болған поляк әскерлері патша әскерін, оның ішінде Рацлавица түбінде тізе бүктіреді. Көтерілісшілер Варшаваны басып алады және орыс-пруссия әскери құрамаларына қарсы тұрып қаланы қорғап қалды.
Алайда қазанда Мацеевица түбіндегі ұрыста поляк әскерлері жеңіліс табады, ал Костюшконың өзі ауыр жарақаттанып, тұтқынға алынады және Петропавл қамалына жабылады.
«Рацлавица түбіндегі Костюшко» картинасынан басқа киномұрағаттың сақталуына сонымен қатар, 1918 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан кейін елдің тұңғыш үкіметін басқарған Польшаның тағы бір қаһарманы Юзеф Пилсудскіге арналған екі фильм түсті.