Польшада саусақ бедерлері бойынша жұмыс істейтін банкоматтар пайда болды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Поляк банктерінің бірінің мамандары банкомат клиенттерін анықтаудың ерекше жүйесін ойлап тапты,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Клиент енді өз шотына кіру үшін пин-кодты басуға міндетті емес, ол арнайы пластинаға алақанын қойса жетіп жатыр. Банкомат саусақ бедерлерін «оқиды да», клиентті анықтағаннан кейін, ол сұраған соманы береді. Мұндай жаңа банкоматтың алғашқысы Варшавада пайда болды. Ал жылдың соңына қарай Польша бойынша 200-дей жаңа банкомат орнатылмақ.

Соңғы жаңалықтар