02:28, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Польшадағы президенттік сайлауда Анджей Дуда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада жексенбі күні өткен президенттік сайлаудың екінші турының ресми нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Би-би-си.

Сайлау қорытындысы бойынша «Құқық және әділдік» партиясынан кандидат, Еуропа парламентінің депутаты, 43 жастағы адвокат Анджей Дудаға сайлаушылардың 52%-ы дауыс берген.
Ал елдің қазіргі президенті Бронислав Коморовский небәрі 48% дауыс жинаған.