Польяк пианисті рекорд орнатты

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Поляк пианисті Ромуальд Коперский музыкалық аспапта ойнаудың ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатты - 101 сағат 8 минут және 3 секунд бойы аспапта ойнаған музыканттың аты Гиннестің рекордтар кітабына енгізілетін болады,

Польяк пианисті     рекорд  орнатты

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Музыкант Гданьск қаласында пианиноға өткен сәрсенбі күні сағат 10.00-да отырған болатын. Бұған дейінгі рекордты - 101 сағат 7 минут - мажарлық музыкант Чарльз Брунер орнатып еді.

Қөрермен қауымның қолдауымен 54 жастағы Коперский 101 сағаттық концертін 1954 жылы жазылған және кезінде Фрэнк Синатра мен Диана Кралл жиі орындаған "Fly me to the moon" туындысымен қорытындылады.