16:41, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Полицей 26 жасар қыздың ажалына себепкер болды - Қарағанды облысы
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 30 жасар полицей кісі өліміне әкелген жол апатына себеп болды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Абай ауданы аумағында «Топар-Жартас» автожолында полиция қызметкері 26 жасар қызды басып кетіп, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша облыстық ІІД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Полицей ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.
«Тергеу жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды», - деді ІІД баспасөз қызметінен.