13:09, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Полицейлер 12 жылдық тарихы бар қылмысты ашты - ІІМ
АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алматы қаласының Криминалдық полиция қызметкерлері 1999 жылы желтоқсан айында орын алған адам өлтіру қылмысын ашты.
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Оның хабарлауынша, Алматы қаласының 24 жастағы жергілікті тұрғынын өлтіру оқиғасы бойынша З5 жастағы екі күдікті ұсталды. Қазіргі кезде олар аталған қылмысты жасағандарын мойындап отыр. «Күдіктілер автомашинаны жөндейміз деген сылтаумен жәбірленушіні Қарасай ауданындағы Ерменсай ауылына алып шығып, буындырып өлтірген. Олар уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынып, кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап көрсетті Қ.Жұманов.