Полицейлер апта ішінде кісі өліміне қатысты 7 қылмысты ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада елімізде 2939 қылмыс жасалды, оның 1780-і тәулік ішінде ашылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Алдымен елдегі қылмыспен байланысты жағдайға тоқталайық. Өткен аптада 2939 қылмыс жасалды, оның 1780-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 7 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 3 қарақшылық, 30 тонау және 428 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарының ізін суытпай ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министрлік өкілі қылмыстық істерді тергеу мен ашудың жаңа тәсілдері енгізіліп жатқанын айтты.

«Қылмыстық істерді тергеудің жеделдігі мен сапасы, азаматтар құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бейнеформаты енгізілуде. Бұл дәстүрлі бағытты оңтайландыру және «полиция хаттамасын» енгізу міндеті. Жеке құрамды тергеу әрекеттерін жүргізудің жаңа ережелеріне үйрету тапсырылды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар