Полицейлер мал ұрлығын шұғыл түрде ашты - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Баянауыл ІІБ-нің полицейлері мал ұрлығының екі фактісін «іздерін суытпай» ашты, деп хабарлады Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрлықты жасауда күдікті танылған Екібастұздың және Сәтбаев ауылының 29 жастағы екі азаматы ұсталды. Олардың Баянауыл аудан орталығының маңындағы жайылымнан сиырды, оған жақын далалық жерден жылқыны әкеткені анықталды.
Бұдан басқа, Железин ауданының қылмыстық полиция қызметкерлері Славяновка ауылының 33 жастағы ер азаматын ұстады - ол жайылымнан қой ұрлап әкеткен еді.
Қылмыстық істер қозғалды. Ұсталғандар ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.