Полицейлерге шабуыл жасаған ер адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Лоян қаласында полиция наразылық білдіргендерге қатысты қару қолдануға мәжбүр болды. Синьхуа агенттігі хабарлағандай, бір адам қаза тапты, тағы біреуі жарақаттанды.

Оқиға жергілікті құрылыс орындарының бірінде болған. 10 адамнан құралған топ нысан аумағына құрылысқа арналған арнайы техниканы кіргізуге кедергі келтірген.

Жанжалды реттеуге полицейлер келген. Келіссөздер кезінде наразылық білдіргендердің екеуі полицейлерге тұра ұмтылады. Тәртіп сақшылары ескерту ретінде екі рет аспанға оқ атқан. Алайда олардың қаруларын тартып алмаққа әрекеттенгендер мұны елемеген де. Салдарынан бір адам мерт болып, тағы біреуі жарақаттанды.

Лоян қаласының прокуратурасы мен қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тергеу амалдарын бастады.

Соңғы жаңалықтар
telegram