Полиция демалыс орнында оқ атқан адамды ұстады

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының полициясы атыс қаруымен алты адамды жаралаған 18 жастағы жігітті ұстады,
None
None

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

«Шілденің 7-сі күні Сайрам ауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде белгісіз біреу атыс қаруын қолданып, бірнеше адамды жаралаған және оқиға орнынан ізін жасырған болатын», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Оқиға салдарынан алты адам жарақат алып, ауруханаға түскен, олардың екеуі жасөспірімдер. Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі айдан кейін әлгіні қолға түсірді - ол 18 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты.

Бұл факті бойынша «адам өлтіруге әрекет», «бұзақылық» және атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау немесе ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар