Полиция Гаитиде наразылық акциясына шыққандарды күшпен таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Гаити астанасы Порт-о-Пренседе ел президентінің отставкаға кетуін талап етіп, көшеге шыққан көтерісшілерді таратты, деп хабарлады ВВС.
None
None

Шеруге шыққандарды қуып тарату үшін полция көзден жас ағызатын газ бен суатқышты қолданған.

Жиылған топ президент Мишель Мартеллидің отставкаға кетуіне және көптен күткен сайлауды бастауды талап етті.

Гаитиде сайлау 2011 жылы өтуі тиіс болатын, алайда үкімет пен сенат арасындағы келіспеушілік салдарынан кейінге қалдырылған.

Оппозиция Гаити президенті Мишель Мартеллиді авторитаризм орнатқаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін айыптайды.

Соңғы жаңалықтар