Полиция Ханты-Мансийскідегі жол апатына қатысы бар жүргізушілерді ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханты- Мансийск аймағындағы жол көлік апатына тап болған автобус пен жүк көлігінің жүргізушілерімен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Өйткені олар жолда жүру ережесін өрескел бұзған және бір-біріне қайшы келетін мәліметтер берген, деп хабарлады РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі дүйсенбі күні. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.
None
None

Осыған дейін мәлім болғанындай, Түмен-Ханты Мансийск автожолында автобус, жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысқан болатын. Осы оқиғаның салдарынан 12 адам мерт болды. Олардың 11-і балалар.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтерінше, автобуста спорттық акробатикадан жарысқа қатысып, Ханты-Мансийскіден Нефтеюганск қаласына қайтып келе жатқан балалар командасы отырған.

Өңірлік басшылықтың мәліметтеріне қарағанда, осы оқиғаға байланысты барлығы 24 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі босатылған. Ауруханада осы уақытта 22 адам жатыр.

Тергеу комитеті өкілдерінің мәліметтерінше, тергеу кезінде бір-бірімен соқтығысқан автобус пен жүк көлігінің жүргізушілері апат орын алар уақытта көліктердің қайда болғаны туралы бір-біріне қарама-қайшы мәліметтер берген.

«Осы ретте екі жүргізуші тарапынан да жолда жүру ережесі өрескел бұзылғандығы анықталды. Осыған байланысты тергеушілер жүргушілерді ұстау қажет деген шешім қабылдаған»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда екі жүргузіші де жол-көлік оқиғасына күдікті ретінде қарастырылуда. Енді оларды тұтқындау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар