Полиция карикатурашы Ларс Вилкске жасалмақ болған қастандықтың алдын алды

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Ирландияда швед карикатурашысы Ларс Вилкстке қастандық жасамақ болған жеті күдікті ұсталды.

Полиция     карикатурашы  Ларс Вилкске  жасалмақ болған қастандықтың алдын  алды

Ирландия полициясының мәліметтері бойынша, әлгілер суретшіні, оның 2007 жылы швед газеттерінің бірінде жарияланған Мұхаммед пайғамбарға жасалған карикатурасы үшін өлтірмек болған, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.

Күдіктілердің төртеуі -ер азамат, үшеуі -әйел, барлығы -мұсылмандар. Сол оқиғадан кейін атына қоқан-лоқы жасала бастаған Вилкс Швеция полициясының қорғауында. «Әл-Кайедамен» байланысы бар лаңкестік топ суретшінің басы үшін 100 мың доллар сыйлық тағайындап отыр.