Полиция қытайлық жеңсік ас әуесқойларына арналған 800 мысықты ажалдан арашалап қалды

БЕЙЖІҢ. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Ас мәзіріне арналған 800-ден астам мысықтарды қытайлық жануарларды қорғаушылар полицейлердің көмегімен құтқарып қалды,

Полиция қытайлық жеңсік ас әуесқойларына арналған 800 мысықты ажалдан арашалап қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Мияулаған жүк» Гуандун оңтүстікқытайлық  провинциясындағы мейрамханаға жөнелтіліп жатқан кезінде Тяньцзинь муниципалитетінде анықталды. Көшеден ауланған немесе иелерінің үйлерінен тікелей қолды болған мысықтар мейрамханаларға әрқайсысы 10 юаннан (бір жарым доллар) сатылады. Белсенділер мысықтар қамалған дүңгіршектердің есіктерін мықтап жауып, жануарлардың пышаққа ілінуіне жол бермеді. Шеру бір тәулікке созылды. Демонстранттар полицияны көмекке шақырды, сатушыдан мысықтардың пайда болуы туралы құжатты көрсетуін талап етті.

Ұзақ уақытқа созылған қарсылықтан кейін мысықтар ажал шеңгелінен құтқарылып, муниципалды мектептердің біріндегі үйге уақытша орналастырылды. Белсенділер барлық мысықтарды иелеріне кері қайтаруға бел байлап отыр.