Полиция қызметіне келушілер қатары 4 есе артты – Марат Ахметжанов
«Кадр тапшылығы мәселесін шешу - «Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасының бір бағыты. Бұл ретте біз жұмысты өзімізден (министрлік – автор түсіндірмесі) бастадық. Полиция органдарына қатысты қабылданған іс-шаралардың арқасында 42%-ға кадр ауыспалылығы тоқтады. Полицияға келемін деген адамдар қатары 4 есе артты. Бұған Президенттің тікелей тапсырмасы әсер етті. Атап айтқанда, қызметкерлердің алатын айлығын өсіру және басқа да көтермелеу шаралары қабылданды», - деп жауап берді ведомство басшысы тілші сауалына орай.
Қоса кетсек, бұған дейін Ашық НҚА порталында жарияланған аталған тұжырымдамада кадр тапшылығы мәселесі өзекті бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің жалақысы өскенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отырғаны да айтылған.