Полиция қызметкерінің өліміне кінәлі қылмыскерлер ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұған дейін ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағанындай, сейсенбі күні Алматыда қылмыскерді ұстау кезінде шұғыл өкілетті қызметкер Тайыр Шерәлиевтің қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Полиция қызметкерінің өліміне кінәлі қылмыскерлер ұсталды - ҚР ІІМ

Жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қылмыс жасалған аумақта бірқатар адамдар ұсталған болатын. Алматы қаласы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері полицейді өлтірді деген күдікпен - 1984 жылы туған Рахим Сүлеймановты және ақша бопсалады деген күдікпен - 1987 жылы туған Комбар Буквадзені Алматы облысының Ұзынағаш кентінде ұстады.