Полиция сержанты адам өміріне арашашы болды

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Кезекшілікте жүрген Петропавл қалалық ІІБ-ның шолғыншы полиция батальонының полицейі қызмет барысында нағыз ерлік танытты. Полиция аға сержанты кешкі уақытта мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарып алды,
None
None

деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Руслан Қыдырмин Жеңіс саябағында орналасқан стационарлық «Модуль» бекетіне түнгі кезекшілікке түскен болатын. Бекітілген аумақты тексеріп жүрген аға сержант жақын жердегі Есіл өзені жағынан көмекке шақырып жатқан айғайды естіді. Есіл жағасына жүгіріп келген тәртіп сақшысы суға батып жатқан адамды көріп, ойланбастан көмекке ұмтылды.

«Мен жардан өзен жағасына түсіп, ер адамға судан шығуға көмектестім, тоңып қалған жігітті «Модуль» бекетіне жеткізіп, оқиға орнына жедел медициналық көмек шақыртып, Жедел басқару орталығының жедел кезекшісіне хабарладым», - дейді Руслан.

Алексей Трескин мұздай суық суда 10 минуттан астам уақыт болған. Оқиға орнына келген жедел медициналық көмек тосын жайға душар болған адамды ауруханаға жеткізіп, оған көмек көрсетті. Оның денсаулығына қауіп төнбегесін, ол сол күні үйіне жіберілді. Алексейдің айтуынша, ол сол күні үйіне бара жатқан. Автобус жүрмегесін ол жолды қысқартып, Есіл өзенінің үстімен өтпекші болған. Мұз мықты көрінгесін ол қарсы жағаға қарай жүре бастаған. Өзеннің ортасына жеткенде мұз ойылып, суға түсіп кеткен ол көмекке шақырып, айқайлай бастаған. Уақытында келген полиция қызметкерінің батыл және жедел іс-қимылдары және жас жігіттің дұрыс әрекеттері оның өмірін сақтап қалды.

Сол жерде болған адамдардың селқостықтары таң қалдырады. Алексейдің айтуынша, суға батып жатқан кезде өзен жағасында бірнеше адамның тұрғанын көрген. Бірақ олар көмектесудің орнына, бұның бәрін ұялы телефондарына түсіріп тұрған. Қазіргі кезде ерлік танытқан тәртіп сақшысын марапаттау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум