Полиция Батыс Қазақстандағы жарылысқа қатысты түсінік берді

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы аумағында тікұшақтың ұшып бара жатқаны және жарылыс болғаны туралы әлеуметтік желіде бейнежазбалар тарады.

БҚО-дағы жарылыс
Фото: Видеодан скрин

Бейнежазбада тікұшақ ұшып, тағы да жарылыс болғаны айтылады.

БҚО полиция департаменті 24 сәуір күні шамамен сағат 20.00-де WhatsApp мессенджерінде бейне және аудиожазбаның тарағанын растады. 

— Аталған оқиғалар қоршалған әскери полигон аумағында жоспарлы іс-шараларға байланысты, елді мекеннен алыс жерде болған. Тұрғындарға қауіп жоқ. Жергілікті атқарушы органдар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Ресейлік Капустин Яр әскери полигоны Бөкей ордасы ауданының бір бөлігін жалға алып, пайдаланып келе жатқаны белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы да ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектері табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар