04:21, 25 Сәуір 2026 | GMT +5
Польшада 5 жылда жұмыссыздық деңгейі артты
АСТАНА. KAZINFORM — Польшада соңғы бес жылдағы жұмыссыздықтың ең жоғары өсімі тіркелді, деп хабарлайды БЕЛТА.
Елдің орталық статистика басқармасының мәліметінше, наурыз айының соңында жұмыспен қамту қызметтерінде 949,8 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,9 мыңға көп. Осылайша, жылдық өсім 2021 жылдың наурызынан бері ең жоғары деңгейге жетті.
Елдегі жұмыссыздық деңгейі 6,1%-ды құрады. Айлық көрсеткіш өзгермегенімен, жылдық есепте 0,8 пайыздық тармаққа өскен.
Айта кетеу керек, Швецияда соңғы бір жылда жұмыссыздар саны артқан.